Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Автор:   •  Апрель 22, 2021  •  Эссе  •  502 Слов (3 Страниц)  •  615 Просмотры

Страница 1 из 3

                       Жұмағазиев Қуаныш Жасұланұлы
Талдықорған қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы

            Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Қазақстан сынаптай сырғыған уақытта өз елдігін, тәуелсіздігін әлемге тек жария етіп қоймай, дамыған елдермен иық теңестіруге қабілетті екенін анық көрсетті. Ширек ғасырда әлемнің тукпір-түкпіріндегі елдер Қазақстанға құрметпен қарайтын дәрежеге көтеруге негізгі себепшісі-Елбасы. Ұшқыш болсам деп армандаған боз баланың жаңа мемлекеттегі орны ерекше, ал аты ел тарихында алтын әріппен ойылып жазылатындай құрметке лайық па?

Біріншіден, КСРО құлдыраған кезден бастап, Елбасымыз, Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның егемен ел болып қалыптасуында ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренада өзіндік ерекше, беделді орынға ие болуына  үлкен жұмыс атқарды деп санаймын. Өзінің көрегендігімен, көшбасшылық қасиетімен халықтың алдында лайықты үміткер, халық сайлауымен  жаңа Қазақстан Республикасының Президенті сайланды. Қазақстанды басқару ісі елдің қауіпсіздігі мен бостандығын қамтамасыз ету үшін елдің тәуелсіздігін әлемге жариялау арқылы және Қазақстанның шекараларын көршілес елдермен келісе отырып картаға бекіту арқылы жүзеге асты[1].  Оған қоса, Олжас Сүлейменовтың бастауымен жүргізілген «Невада-Семей» қозғалысының нәтижесінде, Елбасының жарлығымен 1991 жылы 29 тамызда Семей полигоны жабылды және Қазақстан ядролық қарудың зардабын енді тартпау үшін ядролық қарудан өз еркімен бас тартты[2]. Елбасы Президент болып сайланған уақыттан бастап, толықтай елдің тағдырын өз қолына алып, өзінің ерекше ойлау қабілеті мен мықты стратегиялық дағдыларының арқасында талай елдерді таңдандырып, «ел болып тұра алмайды» деген адамдарға сөзбен емес, іспен жауап қайтарғаны тек қазақ жастары емес, сонымен қатар өзге елдердің саясатшылары мен ел басшыларына үлгі болғаны айдан анық.

Екіншіден, менің пайымдауымша, тәуелсіздік алған жылдары болған мәселелер елдің еңсесін түсірген ауыр соққы болды. Қаншама адам осындай экономикалық, әлеуметтік мәселелердің қыспағына шыдай алмай, елдің ертеңіне сене алмай шекара асып кеткені, елдің демографиялық жағдайына жығылғанға жұдырықтай болды. Елдің аман қалуы-қалмауы екіталай болғанда тек дұрыс шешім қабылдау керек болған жағдай еді. Сол кезде елге инвестиция тартып, елдегі өнеркәсіптер мен өндіріс орындарын іске қосу арқылы жұмыссыздық мәселесін біршама азайтты.

...

Скачать:   txt (6.9 Kb)   pdf (74.9 Kb)   docx (9.7 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club