Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Құтты мекен Ақтөбеге 150 жыл

Автор:   •  Ноябрь 18, 2021  •  Эссе  •  806 Слов (4 Страниц)  •  371 Просмотры

Страница 1 из 4

                   «Құтты мекен Ақтөбеге 150 жыл »

Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға

айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де

қастерлі өлке, қасиетті мекен.

Н.Ә.Назарбаев

     Тамырын терең тартқан Қазақ елінің барлық өңірлері сияқты Ақтөбе өңірінің де тарихи өз бастауын есте жоқ ескі замандардан алады. Ұлы даламыздың орасан зор аймағын қамтитын Ақтөбе жерінің өзен-өткелі мен тау-тасы, шөлі мен көлі, киелі топырағы небір тарихтың, осы жерді мекендеген жүздеген ұлттар мен ұлыстардың талайына бұйырып, маңдайына жазылған талай тағдырлардың, небір қанкешулер мен қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бақытты кездердің куәсі болды.

   Тоғыз жолдың торабын тоғыстырған ұлы өткел Ақтөбенің іргетасы 1869 жылы ақ төбенің басындағы бекіністің негізінде қаланған болатын. Міне, бүгінде 150 жылдық тарихы бар Ақтөбе күн сайын өркендеп келе жатқан, орасан зор экономикалық, мәдени, туристік потенциалы бар қалалардың біріне айналды.

   Құтты мекен Ақтөбе атышулы Әбілқайыр ханның, Әйтеке бидің, XV  ғасырдың  ұлы батыры Қобыландының, Арал мен Әжібай, Алтай мен Алыбай, Бөкенбай мен Есет Көкіұлы, Асау мен Барақ, Жоламан мен Бақтыбай, Көтібар мен оның ұлы Есет, Қарағұл мен Қайдауыл сынды көптеген ел қорғаған батырларымыздың, ұлы ойшыл Мөңке би, Шернияз, Ақтан, Сары, Саршолақ сияқты ұлы ақын-жырауларымыздың, дана күйші Қазанғап бастаған сазгерлеріміздің туған мекені.

   Ақтөбе - Қазақ елінің батыс бөлігіндегі геосаяси, стратегиялық әрі экономикалық маңызы зор, жер қойнауы өте бай, экономикалық әлеуеті басым қала. Ақтөбе талантты, дарынды , ірі тарихи тұлғаларымыздың туып өскен киелі жері. Қаламыз әйгілі лингвист түркі танушы Қ.Жұбанов пен академик С.Бәйішевтерден басталатын ондаған ірі ғалымдардың, Ұ.Құлымбетов, Т.Жүргеновтерден басталатын ірі мемлекет қайраткерлерінің, Т.Ахтанов, Қ.Шаңғытбаев, С.Жиенбаев бастаған бірқатар дарынды ақын-жазушылардың, әйгілі академик А.Жұбанов бастаған сазгерлер мен суретшілердің, өзге де өнер тарландарының атамекені.

   Ақтөбе жерінің тарландары, ірі тарихи тұлғаларымыздың, батыр бабаларымыздың даңқын Ұлы Отан соғысы жылдарында да жалғастыра білді.

    Ақтөбе сол жылдары күллі кеңестік Шығыстан шыққан екі батыр қыздың бірі – Кеңес Одағының батыры, мерген Әлия Молдағұлованың, Халық қаһарманы, қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш Хиуаз Доспанованың есімдерін мақтан етеді. Соғыс жылдары Ақтөбеде құрылған 312-атқыштар дивизиясы мен 101-ұлттық бригада жауынгерлері Мәскеу түбіндегі фашист басқыншылығына қарсы күресте асқан ерлік көрсетті. Майданға аттанған 15 мыңға жуық ақтөбеліктер жауынгерлік орден-медальдармен марапатталып, 24 адам Кеңес одағының батыры, ал үш адам Даңқ орденінің иегері атанды.

  Ақтөбенің халқы ерен еңбекте де тамаша үлгілер көрсетті. Құтты мекен Ақтөбенің бірқатар еңбекшілері Социалистік Еңбек Ері атанып, жүздеген еңбек тарландары құрметті атақтармен, орден-медальдармен марапатталды. Ақ тарыдан өнім алуда әлемдік рекорд жасаған әйгілі диқан, Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» повесіне, Б.Брехтің   «Тары» атты поэмасына кейіпкер болған Шығанақ Берсиевтің еңбектегі үлгісі ақтөбеліктердің бүгінгі ұрпақтары үшін асқақ идеалға айналып отыр.

   Батыр ғарышкерлер В.М.Пацаев пен Ю.В.Лончаков- Ақтөбе өңірінің түлектері.

...

Скачать:   txt (11.2 Kb)   pdf (52.4 Kb)   docx (10.4 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club