Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Барокко, классицизм өнерлері

Автор:   •  Май 8, 2020  •  Лекция  •  2,665 Слов (11 Страниц)  •  691 Просмотры

Страница 1 из 11

12 лекция ХҮІІ-ХҮІІІ ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ЕУРОПА ӨНЕРІ

Барокко, классицизм өнерлері

Испания өнері

XV  ғасырдың  соңында  сегіз  ғасырға  созылған   Пиреней түбегін   араб   билеушілерінен   азат   ету   соғысы   Реконкиста аяқталып,   біртұтас  біріккен   Испан   корольдігі   қалыптасады.

XVI  ғасырда белсенді тұрде жүргізілген әскери-соғыс саясаты және ең алдымен жаңадан ашылған Америка жерлерін жаулап алған Испания елі Еуропадағы бай, дәулетті монархияның біріне айналады. Бірақ өркендеу көпке созылмайды, ғасырдың соңында мемлекет экономикалық күйзеліске үшырап, ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы ағылшындармен соғыста теңіздегі биліктерінен айырылып қалады.

Алайда Испанияның мәдени дамып өркендеуі нақты осы XVII   ғасырда гүлдену шегіне жетеді. Әсіресе әдебиет пен кескіндеме өнерлерінде. Себебі Испания елі өзінің бірігуі мен тәуелсіздігін кеш алғандықтан, ұлттық көркем стильді қалыптастыру өте маңызды алғы шарт ретінде қарастырылады. Дәстүрлері түбегейлі қалыптаспаған мемлекет үшін бүл күрделі мәселелердің бірі болды. Испандық кескіндеме және мүсін өнерлерінің дамуына кедергі болған сол кездегі католик шіркеуінің көзқарасы болып саналады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда католик шіркеуі, дінге қарсы шығушылар және шіркеудің ресми қағидаларынан ауытқушы діни ағымдармен күресу үшін инквизиция енгізеді. Инквизиция латын тілінен аударғанда «іздеу салу» деген мағынаны білдіреді. Сол сияқты өнерге де қатаң бақылау енгізіледі. Дегенмен енгізілген бірқатар шектеулерге қарамастан, испандық шеберлер жанрлардың барлық дерлік түрлерінде жүмыс істеп өздерінің шығармашылықтарында сол кездегі басқа еуропа елдеріндегі замандастарының қозғаған тақырып шеңберін қамтиды.

XVI ғасырдағы испания сәулет өнерінде ортағасырлық еуропа және араб (әсіресе, ғимараттың декоративтік көркемдеуінде) дәстүрлерімен итальян Қайта өрлеу өнерлерінің қосындысын анық көруге болады. Ал XVII ғасырда барокко өнері өз көрінісін табады. Нәтижесінде, испан сәулет өнері соңына дейін эклектизмнен ( бір туындыда әртүрлі стильдердің нышандарын біріктіріп отыру) арыла алмайды. Испания өнерінде ұлттық ерекшелікке ие болған мүсін өнері,оның ішінде әсіресе ағаш пластикасы. Кескіндеме өнерінде еуропаның әсері мен ұлттық ерекшеліктерінің үйлесуі өте терең әрі қайталанбас өнер түріне әкеледі. Осы кездегі Испания мәдениетін ауызға алсақ, королі сарайының қаншалықты өнерге ден қойып оны өз қамқорлығына алғаныменде негізгі көрнекті шеберлер шалғай өңірлерден шығып және нақты осы шеберлердің шығармашылықтары сол кездегі басты көркем бағыттарды айқындайды. XVI ғасырдағы Испания сәулет өнері көп ретте орта ғасыр дәстүрлеріне сүйенеді. Бірақ дәл осы кезде италия Қайта өрлеу өнеріне деген қызығушылық п айда болып, испан сәулетшілері Рим мен италияның басқа да қалаларында жұмыс істей бастайды. Ал италия шеберлері өз кезегінде Испания жерінде өз ой-идеяларын жүзеге асыра бастайды.

Платереско (испан тілінен аударғанда ріаіегеско-өрнекті, шекімделген) атауы XVI ғасырдың бірінші жартысында салынған құрылыс ғимараттарына қатысты айтылады. Бұл стиль өзінің зергерлік нақтылығымең нәзіктігімен ерекшеленеді. Платереско стиліндегі негізгі туындылар бекзаттық қоғамдық ғимараттар, әсіресе университеттер мен емханалар, жеке меншік үйлер. Шіркеулік сәулет өнеріндегі басты көрініс ғибадатханалық ғимараттар. Орталық Испаниядағы Саламанке қаласында 1529 жылы жаңа стильдегі университет ғимараты тұрғызылады. Көптеген тұрғын ұйлерге платереск құрылысының үлгісі ретінде осы қалада Сантьягодан келген сәулетшілер Родриго Хиль де Онтаньон және Мартинның авторлығымен салынып,соңына дейін аяқталмаған герцог Монтеррей сарайын айтуға болады. 1540-1543 жылдары Мадрид қаласына жақын жерде орналасқан Алькала-де-Энарес каласында Родриге де Онтаньон басшылығымен платереск стиліндегі университет ғимараты түрғызылады. Шіркеулік платереск сәулет өнері туындыларының ішінде 1514-1549 жылдар аралығында сәулетшілер Хуан де Орочко, Мартин Виллареаль, Хуан де Бадахоз авторлықтарымен салынған Сан-Марко қаласындағы ғибадатханалар ерекше орынға ие. Олардың қасбетіндегі кейбір сәулеттік бөлшектері жүзім жапырақтары түрінде өрнектелген. Платереско стилінің шарықтауы көп уақытқа созылмайды. XVI ғасырдың қырқыншы жылдарының өзінде рационалды, анық пішіндерге негізделген құрылыстар пайда болады. Испан сәулет өнеріне біртіндеп итальян барокко стилінің нышандары ене   бастайды.   Алайда,   Испанияда   бұл   стиль   итальяндық стильге қарағанда әлдеқайда ұстамды сипатқа ие болады. Испанияда,әсіресе Римдегі Иль-Джезу шіркеуінің үлгісіндегі ғибадатханалар түрі кеңінен таралады. Бұл базилика, латын кресті пішініндегі қысқартылған көлденең және тігінен орналасқан нефтері бар қатарласқан капелла көрінісін береді. Оның мысалы ретінде Саламанкадағы XVII ғасырдың орта шенінде сәулетші Хуан Гомес де Мор (1580-1648) тұрғызған иезуиттік монахтар орденінің шіркеуін келтіреміз. Шіркеудің батыс қасбетінде екі мұнара ғимаратқа қорытынды келбет береді. Бұндай композиция иезуиттік стиль деп аталынады. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар шенінде Испания еліндегі баяғыдан келе жатқан әшекейлеп өрнектеуді молынан қолдану ұмтылысы жеңіп басты орынға шығады. Бұл қолданыс Чурригера отбасы шығармашылығында айқын көрініс табады. Олардың ішінде, Хосе Бенито Чурригера (1665-1725) көрнекті ірі шебер ретінде танылған. Сәулетші Чурригералар тұрғызған ғимараттар композиция жағынан өте қарапайым болып келеді. Авторлардың ой-қиял қабілеттері ғимараттың қасбетін көркемдеуінде мейлінше ашылып, декоративтік, әшекей бөлшектерін барынша қолданады. Х.Чурригера мен оның ізбасарлары қолданған сәулеттік стиль чурригереск деп аталады.Сол сияқты, испан сәулет өнерінің маржаны аталатын кешенді Эскориал шіркеу бекінісін 1557 жылдары испан королі II Филипп (1556-1598) Франциямен болған соғыста жеңістерінің құрметіне жебеушілері Қасиетті Лаврентийге арнап салуға ант етеді. Сәулетшілер Хуан Бауттиста де Толедо және Хуан де Эррераның орындауында сол кездегі Пиреней түбегінде қолданылатын дәстүрлерден басқа итальяндық тәжірибеден алынған көптеген жаңа идеяларды қолданады. Эскориалдың барлық құрылыстарында итальяндық дәстүрлер көрінеді. Ондағы қарапайымдылық пен қатаңдық ансамбльдің қисынды аяқталғандығы мен мызғымастық келбетін байқатады.

...

Скачать:   txt (41 Kb)   pdf (348 Kb)   docx (19.9 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club