Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

“Алты жасар Алпамыс” фильмі

Автор:   •  Ноябрь 29, 2023  •  Реферат  •  869 Слов (4 Страниц)  •  99 Просмотры

Страница 1 из 4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

[pic 1]

Реферат

Тақырыбы : “Алты жасар Алпамыс” фильмі

 

  Орындаған : КЯ 23-7 тобының студенті Қалып Назерке

    Қабылдаған: Берденова А.С

                                                                                   

                                                                         

                                                                        Тараз 2023              

Әліппесін құшақтап алып, ауыл балаларымен бірге мектепке барғысы келетін Алпамыс балақай туралы киноны көрмеген жан жоқ шығар. Бұл фильмді тамашалайтын кез келген жастағы көрермен балалық шағын еске түсіріп, әр көрген сайын фильм кейіпкерлерін жаңа қырынан танып отырады.

Фильмнің жарыққа шыққанына қырық жылға жуық  уақыт өтсе де, ол өз көрерменін жалықтырған емес. Себебі, «Алты жасар Алпамыс» («Алпамыс мектепке барады») өтіріктен аулақ, арамдық ада тұнық сезімдерге толы фильм.Кішкентай Алпамыс пен Қалихан бір ауылдың балалары, екеуі дос. Жасы жетіге келген Қалихан жаңа оқу жылы басталғанда мектепке барады, ал алты жастағы Алпамыс қалып қояды. Досының оқитынына қатты қызыққан оның бар арманы мектепке бару. Мектеп терезесінің алдына келіп, мұғалімнің іс-әрекетін бақылап, өтіп жатқан сабақты түсінуге тырысады. Ал досы Қалиханның сабаққа аса құлшынысы болмайды. Бірақ, ол досының алғырлығын алға тартып, оның мектепке баруына көмектеседі. Екі достың тілегі қабыл болып, алты жасар Алпамыс 1-сыныпқа қабылданады.

«Алты жасар Алпамыс» фильмінің сценарийіне белгілі кинорежиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Қанымбек Қасымбековтің басынан өткен жағдайлар арқау болған. Бір естелігінде режиссер: «Бұл фильм менің біртұтас өмірім. Мен әкемнің алпысқа келген шағында дүниеге келген, ерке болып өскен баласымын. Беске толғанымда ауыл балалары «мектепте оқып жүрміз» деп бір жаққа барып келетін. Оларды қашан келеді екен деп мен зерігемін. Қас-қабағымдағы мұңды көрген әкем жалғыз болып жүргенімді көріп, маған да мектепке баруға рұқсат етеді,» - деген еді.

Бұл оқиғаны Қанымбек Қасымбеков А.Кончаловскийге айтады. Әңгімеге қызыққан ол оқиға желісімен фильм түсіру керек екендігін айтады. Сценарийді жазуды Роза Хусниддиноваға тапсырады. Қанымбек Қасымбековтың ауылында екі айға жуық уақыт қонақта болып, Роза Хусниддинова кино сценарийін жазып бітіреді. Бірақ режиссердің өзі басқа фильмнің түсіру жұмыстарымен жүрген соң, ол сценарийді тек Абдолла Қарсақбаевқа беруді өтініп сұрайды. Қызықты сценарий қолына тиген бойда, Абдолла Қарсақбаев фильм түсіру жұмыстарына кіріседі.

Басты кейіпкер Алпамыс рөлін бес жасар Ермек Төлепбаев сомдады. Ол ертеректе Тұраш Ыбыраевтың «Ақ автомобиль» атты қысқаметражды фильміне түскен. «Алты жасар Алпамыс» фильмінен кейін Ермек Төлепбаев бірқатар фильмдерден бой көрсетті. Есейе келе, ол өз басқа мамандықты таңдаған. Бұл күнде ол жеке кәсіпкерлікпен айналысады.

Екінші басты кейіпкер Қалихан бейнесін Ұлан Сарбасов сомдады. Сотқар баланың рөліне актер табу қиынға соққан. Абдолла Қарсақбаев футбол алаңында доп қуып, өрелі мінезі бар Ұлан Сарбасовты байқап қалып, оны киноға түсуге шақырады. Бір сөзбен айтқанда, Ұлан фильмде өзін-өзі сомдады. Өкінішке орай, Ұлан Сарбасов өмірден ерте кетті. Жұлдызы жарқыраған бозбала шағында ол белгісіз себептермен қайтыс болған екен.

...

Скачать:   txt (9 Kb)   pdf (100 Kb)   docx (159.1 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club