Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлы жібек жолының солтүстік тармағының қалыптасуының тарихи-географиялық негіздері

Автор:   •  Февраль 16, 2021  •  Реферат  •  1,690 Слов (7 Страниц)  •  733 Просмотры

Страница 1 из 7

ӘОЖ 338. 48. (571. 15) (09)

Қазақстандық Алтай аймағындағы

Ұлы жібек жолының солтүстік тармағының қалыптасуының

тарихи-географиялық негіздері

Төлеутай Аружан Қуанышқызы

Aruzhan98.010@mail.ru

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,, 5В011600 – География мамандығының 3 курс студенті Өскемен, Қазақстан

Ғылыми жетекші – Женсикбаева Назгуль Жаныбековна

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экология және география кафедрасының PhD докторы,

Өскемен, Қазақстан

Зерттеліп отырған аймақ трансшекаралық халықаралық транзитті жолаушы және жүк тасымалы ағымдарының қиылысқан жерінде орналасқан. Аймақ аумағынан Қазақстан, Ресей, Қытай және Монғолияны байланыстыратын автомагистральдар, Орталық Азияны Транс-Сібір магистралімен байланыстыратын теміржолдар, халықаралық авиажолдар өтеді. Ұтымды физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық орны және жоғарғы көліктік қолжетімділігі аймақаралық және халықаралық деңгейде берік экономикалық және сауда, туризм байланыстарын орнатуға үлкен мүмкіндіктер жасайды. Осы елдер арасында халықаралық ынтымақтастықты орнату мақсатында жаңа жолдар мен ұмытылған жерлерді қайтадан қалпына келтіру қажеттілігі туындауда. Біздің зерттеуімізде Ұлы жібек жолының солтүстік тармағының қалыптасуының тарихи-географиялық негіздері қарастырылып отыр. Оны дұрыс пайдалана білу Евразия құрлығындағы елдер арасында ынтымақтастықты, қарым-қатынасты, экономика және туризм салаларын дамытудағы жаңа жолын қалыптастырады.

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты бастамасын және ҚХР президенті Си Цзиньпиннің – «Жібек жолының экономикалық белдеуі» стратегиялық жобасын қамтитын «Бір белдеу, бір жол» бастамасынан Алтай экологиялық аймағында табиғатты қорғау мақсатында шектеулерді есепке алу қажеттілігі туындайды, сонымен қатар аумақтық-рекреациялық әлеуетін қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану маңыздылығы артып отыр [1].

Ұлы Жолы десе көз алдымызға алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына қырлар мен шөл далалардан өтуге дайын көпестер елестейді. Жол бойында қалалар пайда болып, ескілерінің күл талқаны шықты. Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, бағалы бұйымдар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған бұйымдар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Атына заты сай алып магистралды Ұлы Жібек жолы – Қытай жерінен бастау алып, Орталық Азия және Таяу Шығыстағы елдермен байланыстыратын керуендік жол бағыты болды. 1877 «Ұлы Жібек жолы» атауын неміс географы және геологы Фердинанд фон Рихтгофен тарихқа енгізді. Қытайдан батысқа дейінгі тауарлардың негізгі экспорты халықаралық валюта рөлін атқарған  - жібек матасы болды. Сол кезеңнен бастап осы бір сәтті атау адамзаттың таң қаларлық жетістігінің өзіндік куәсі болып, халықтар соның арқасында бір- бірімен ғылыми ойларымен, мәдени және діни идеяларымен бөлісе бастады. Жібек жолы қазіргі күнгі INTERNET секілді сан ғасырлар бойы ел мен елді біріктірген ұлы көпір бола білді.

 «Жібек жолы» тек сауда-саттықты ғана дамытып қойған жоқ. Ортағасырлық Жібек жолының маңызды бірнеше себебін атап айтсақ: біріншіден: отырықшы және көшпелі мәдениетті дамытты, екіншіден, қалалар саны арта түсті, үшіншіден, сыртқы байланыс артты және сауда – саттықтың дамуына елеулі үлес қосты. Сонымен қатар, Жібек жолы Қазақстан мен Орта Азияда мәдени-экономикалық жағдайдың өрлеуіне ықпал етті. Ол сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы тәжірибенің, жетістіктер мен білімнің алмасуын ынталандырып, ғасырлар бойы үлкен Еуразиядағы бейбітшілік пен сұхбаттастықтың нығаюына септігін тигізді. Ұлы Жібек жолы XIV-XV ғасырларға дейін пайдаланылды, ал кейін Теңіз сауда жолының дамуына байланысты Жібек жолы өзінің маңызын жоғалтып, өмір сүруін тоқтатты. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь- Шянь, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Жібек жолының тармақтары V-VII ғасырларда Жетісу, Оңтүстік Қазақстан жерлерін қамтыды. Жібек жолының бойында тарихтан өшпес орны бар Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самархан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шауғар т.б. ірі қалалар бой көтерген болатын.  XII- XIV ғасырларда Жібек жолының экономикалық, саяси маңызы арта түсті. Ұлы Жібек жолының негізгі бағыты: Хуанхэ өзені- Ұлы Қытай қорғанының батысы- Іле өзені- Ыстықкөл. Бұдан өзге негізгі үш тармаққа бөлініп дами түсті:

...

Скачать:   txt (24.1 Kb)   pdf (412.4 Kb)   docx (247.1 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club