Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар
Автор: Sarajone276 • Июнь 10, 2023 • Реферат • 1,383 Слов (6 Страниц) • 185 Просмотры
Қазақстанда сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар
Қазақстан өсімдіктер дүниесі мен жануарларға бай. Бірақ сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар да аз емес. Сирек кездесетін немесе жойылудың тура алдында тұрған өсімдік, жануарлар Қазақстанның Қызыл кітабына енеді.
Қызыл кітап — халықаралық дәрежедегі құжатттардың бірі. Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Қазақстан үкіметі 1978 жылдың қаңтарында Қызыл кітапты құру туралы қаулы шығарды. 1981 жылы акедемик Б.А.Быковтың жетекшілігімен жарық көрді. Қызыл кітаптың қара, қызыл, сары, жасыл, сұр және ақ түсті беттері бар.
Қара беттерде жануарлар мен өсімдіктердің жойылып кеткен түрлердің тізімі беріледі. Мысалы, енді ғалам шарымызда теңіз сиыры жоқ.
Қызыл беттерде жойылу қаупі бар жануарлар мен өсімдіктер тізімі беріледі. Ғалымдардың болжамы бойынша жуық арада ілбіс немес қар барысы секілді жануралар әлемінің бір өкілін жоғалтып алу қаупінде тұрмыз.
Қызыл кітаптың сары беттерінде саны тез азайып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер әлемінің өкілдерінің тізімі берілген. Мысалы, ақ аюлар немесе қоқиқаздар. Ақ беттерінде қашанда саны аз болып келген жануарлар тізімі берілген. Мысалы, көк кит.
Сұр беттерінде тіршілік ету ортасына қол жеткізілмеген түрлер тізімі. Оған орасан жылан - анакондалар жатады.
Жасыл беттерде жойылып кету қаупінен аман қалған жануарлар мен өсімдіктер тізім берілген. Мысалы, құндыз.
Қазақстандағы сирек кездесетін өсімдіктер. Мүк, қына, санырауқұлақтарды қосқанда, құрамында 300 түрден аса өсімдіктер бар. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдік ерекше қорғауға алынады. Оларды жинауға тыйым салынған (тек ерекше жағдайда арнайы рұқсатпен ғана). Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктерді заңсыз жинаса немесе зақымдаса, әрбір данасына 360 теңге айып төлейді. Сирек кездесетін өсімдіктер: қалқан асаймұса, Шолпаншаш сүмбілі, Іле бөріқарақаты, Сары лапыз, Қызыл қайың немесе қырғыз қайыңы, Ақ тұңғиық және т.б.
Қалқан асаймұса – ұшқаттар тұқымдасына жататын өсімдік. Қазақстанда сирек кездесетін түр, өзінің таралу аймағы Қазақстанның солтүстік шекарасында өседі. Қазақстаннан тыс Тянь–Шаньның басқа аймақтарында, көбіне батыс бөлігінде таралған. Сәндік бұта биіктігі 3 метрге дейін, жапырақ пішіндері әр түрлі және көптеген ақшыл қызғылт түтік тәрізді гүлдері қалқан тәрізді гүл шоғырына жиналған. Бұтақтары ерекше – қабығы алтыға бөлінген ұзыншақ қабырғалы.
Шолпаншаш сүмбілі — Қазақстанда өте сирек кездесетін түр. Жекелеген оқшау популияциялары Жоңғар Алатауы, Солтүстік және Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Тіршілік ету ортасының өзіңдік ерекшелігімен сипатталады., яғни көлеңкелі ылғалды ізбесті және сарқырамаға жақын, жылғалар жағалауындағы тау жыныстары шатқалдарында өседі.
Іле бөріқарақаты — бөріқарақаттар тұқымдасына жататын тікенекті бұта. Іле Алатауының шатқалында, Ұзынқара (Кетпен) жотасында, Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік беткейінде, Іле өзенінің жайылма бөлігінде кездеседі. Биіктігі 3 м-ге жетеді.
Сары лапыз – лапыздар тұқымдасына жататын Қазақстанда сирек кездесетін түр. Анда-санда тек Батыс Тянь-Шаньда (Талас Алатау, Қаржантау мен Угам жоталары) кездеседі, мұнда оның таралу аймағының солтүстік шекарасы өтеді. Өте ерте гүлдеуімен (мамыр соңында) ерекшеленеді. Өте улы. Барлық бөліктерінің құрамында алкалоидтар (колхицин, колхамин) бар. Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аудандарында жылқылардың 87%-ы уланып өлгені жайлы мәліметтер бар.
Қызыл қайың немесе қырғыз қайыңы – қайыңдар тұқымдасына жататын ағаш. Қызыл қайыңның жалғыз Отаны бар, ол — Қазақстан. Бұл сирек кездесетiн тал әлемнiң өзге бiрде-бiр елiнде өспейдi. Қазақстанның өзiнде Алматы облысындағы Текес пен Байынкөл
...