Экологиялық тұрақсыздық аумақтары
Автор: zh.kamila • Май 1, 2018 • Реферат • 427 Слов (2 Страниц) • 1,152 Просмотры
Экологиялық тұрақсыздық аумақтары:
1. Өскемен урбаөнеркəсіп ауданы. Оған Өскемен қаласы жəне қала төңірегі кіреді. Кəсіпорындардың аса күшті кешендеріне титан-магний комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты, химиялық-металлургиялық жəне цемент зауыттары, ЖЭС, қорғасын-мырыш комбинаттары жəне т.б. кіреді. Осы кəсіпорындар қаланың қоршаған ортасына өте зиянды əсерін тигізіп отыр. Қазіргі экологиялық тұрақсыздық деңгейі дағдарыстық. Экологиялық тұрақсыздық тудыратын жағдайларға ауаның тымық болуының жиі қайталануы, атмосфераны ластаушы күкірт қос тотығы, фенол, формальдегидтердің ШМК 3 есеге артып отыруы жатады. АЛИ 5 -17,6. Ертіс жəне Үлбі өзендерінің өнеркəсіптік-тұрмыстық ақаба сулармен ластануы да бұл жағдайды өршітуде.
2. Риддер урбаөнеркəсіп торабы. Оған Риддер қаласы жəне түсті металлургия өнеркəсібінің тау-кен өндіруші кəсіпорындары кіреді. Қазіргі экологиялық жағдайы кейбір жеке өнеркəсіп орталықтарында дағдарыстық. Экологиялық күйзелістің факторлары: Риддер полиметалл комбинаты жəне оған кіретін қорғасын-мырыш зауыттары, кеніштер, бос жыныстар үйінділері. Мұнда атмофера ластануының ең жоғары шамасы тіркелген, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан қалаларының ішінде бірінші орын алады. Тау аралық ойыста жатуы атмосфералық ауадағы ластауыштардың таралуына мүмкіндік жаса- майды, АЛИ 5 -22. Үлбі өзеніне ағызылатын тастандылар есебінен оның суындағы ауыр металдар құрамы да көбейген, СЛИ-5,2.
3. Зырян урбаөнеркəсіп торабы. Оған Зырян қаласы, түсті металлургияның тау-кен өндіру кəсіпорындары кіреді. Осылардың ішінде барынша кері əсер тигізетіні қорғасын комбинаты. Қазіргі экологиялық жағдайы дағдарыстық. Қазақстан бойынша қатты ластанған қалалардың бірі. Негізгі ластауыштары – шаң, азот қос тотығы, фенол, күкірт қос тотығы, формаальдегид. АЛИ-10,5.Өндірістік тастандылардың басым көпшілігі Бұқтырма өзеніне жіберіледі, СЛИ-1,2, суы 3 класты, қалыпты ластанған. Аса ірі кен орны – Малеевский. Глубокий тау-кен өндірістік торабы. Оған Ертіс полиметалл комбинаты, оның тау-кен өндірісі кəсіпорындары, қалалары жəне жұмысшы ауылдары, Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты кіреді. Жергілікті өзендері өнеркəсіп қалдықтарымен қатты ластанған. Глубочанка өзенінің СЛИ-3,3, суы 4 класты, ластауыштары – мыс-4ШМК, мырыш 9ШМК. Красноярка өзені – СЛИ-6,1, суы 6 класты, қатты ластанған, мыс-8ШМК, мырыш 20 ШМК. Экологиялық күйзеліс деңгейі –дағдарыстық.
...