Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сырдарья өзенінің төменгі алабының ландшафтық-географиялық жағдайы

Автор:   •  Апрель 17, 2018  •  Курсовая работа  •  8,143 Слов (33 Страниц)  •  843 Просмотры

Страница 1 из 33

1 СЫРДАРЬЯ ӨЗЕНІНІҢ ТӨМЕНГІ АЛАБЫНЫҢ

ТАБИҒИ –КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

        1.1 Сырдарья өзенінің төменгі алабының ландшафтық-географиялық жағдайы

        Оңтүстік Қазақтанның біраз аумағы (Оңтүстік Қазақтан және Қызылорда облысы) Сырдарья өзенінің төменгі алабына орналасқан. Сырдарья өзенінің алабы жалпы оңтүстік шығыстан солтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Сырдарья өзенінің төменгі алабының солтүстік шекарасы болып  Қаратау жоталарының оңтүстік-батыс беткейі, Арал теңізінің алабындағы Қарақұм және Кіші Борсық, ал оңтүстігі  Қызылқұм және Жуанқұммен шектеседі (сурет 1).

[pic 1]

Сурет 1– Сырдарья өзенінің төменгі алабының физикалық географиялық жағдайы

Сырдарья өзенінің төменгі алабының жер беткейі  жалпы бір тегіс болып келеді. Оның жоғарғы бөлігі тау етегіндегі жазықтықтан  басталып біртіндеп көп аумақты алып жатқан Туран ойпатына дейін созылып жатыр.  Сырдарья өзенінің төменгі алабы Арал теңізіне қарай бағытталған біртегіс еңестікпен ерекшеленеді. Өзеннің 1647 км ұзын бойында  жер бетінің еңестігі Шарадара су қоймасынан (236-279 м БС) Арал теңізіне (54 м БС) 182-225 м төмендейді.        Бұл аймақта негізінен Қазақтан Республикасының Қызылорда облысы орналасқан. Оның географиялық орналасу координаты Гринвичтың нұсқауы бойынша солүстік белдеудегі 42о38 ден 47о49 және шығыс белдеудегі 59о21 ден 68о9 және жалпы ауданы 248.996 мың км2, ол Қазақтан Республикасының 8.4 пайыз ауданын құрайды. Бұл аймақта Қазақтан Республикасының 3.9 пайыз халқы қоныстанған [1-7].        

        Қызылорда облысы әкімшілік-аймақтық жағдайы бойынша сегіз ауданға бөлінеді: Жаңақорған, Шиелі, Сырдарья, Қармақшы, Жалағаш, Қазалы және Арал. Табиғи климаттық жағдайы бойынша үш аймаққа бөлінеді (сурет 2):

        - бірінші – Жаңақорған және Шиелі ауданы;

        - екінші – Қармақшы, Жалағаш және Сырдарлья ауданы;

        - үшінші – Қазалы және Арал ауданы.

        [pic 2]

Сурет 2 – Қызылорда облысының әкімшілі басқару желісі

     Сырдарья өзенінің төменгі алабының ландшафтық жүйесін зеттеуге Л.С. Берг [1], Г.В. Гельдыева  және  Л.К. Веселова [3], А.И. Голованов және  С.И. Қошқаровтардың [4]  жұмыстары арналған.

        Сырдарья өзенінің төменгі алабын ландшафты-географиялық тұрғыдан аудандасу мәселесі В.М. Боровский [2], Г.В.Гельдыева [3], Ж.С. Мұстафаев, А.Т. Қозыкеева, С.И. Өмірзақов [5]   ғылыми еңбектерінде қарастырылған.

        Сырдарья өзенінің төменгі алабын 15 ландшафтқа бөлген, ол біртектес аймақтық белгілерімен ерекшеленген  бұртұтас генетикалық геожүйе және оның құрамына әртүрлі ерекшеленген жекеленген геожүйенің бөлшектеріде кіреді ( сурет 3, кесте 1) [6; 7].

Сырдарья өзенінің төменгі алабының  оңтүстік бөлігінің сол жақ  жағалауында, жалпы ауданы 140000 га келетін , біркелкі орналасқан 34 ландшафт жатыр, оның ішікі бөлігінде ауылшаруашылық дақылдарын өсіруге ыңғайлы, суғару ауданы 28500 га келетін Түгіскен суғару алқабы орналасқан.

        Сырдарья өзенінің төменгі алабының сол жағалауында 25-40 км еңдікпен орналасқан , ауданы 198000 га 18 ландшафт жатыр, оның ішкі бөлігінде ауданы 46200 га келетін Сол жағалаудағы Қызылорда суғару алқабы орын тепкен.

        Сырдарья өзенінің төменгі алабының   солтүстік жағалауының ең солтүстік бөлігінде жалпы ауданы 155000 га келетін  24 ландшафт орналасқан,  оның ішкі бөлігінде ауданы 18700 га келетін Сол жағалаудағы Қызылорда суғару алқабының бір бөлігі  орын тепкен.

[pic 3]

Сурет 3 – Қызылорда облысының (Сырдарья өзенінің төменгі алабының) ландшафттық жүйесі

Кесте 1 - Сырдарья өзенінің төменгі алабының  ландшафтық-географиялық сипаттамасы

Ландшафтар

Ландшафтар-дың түрі

Топырақтың түрі

Ауданы, га

Түрі

1

2

3

4

5

Солтүстік далалық Туран

14

Аллювиальдық

Батпақты-,  сазды – батпақты

-

16

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды, сазды – батпақты

300000

17

Аллювиальдық

Аллювиальдық-сазды

-

20

Аллювиальдық

Құрамында сор топырақ кездестетін аллювиальдық-сазды  және сазды батпақты

100000

21

Аллювиальдық

Сазды- батпақты

70000

22

Аллювиальдық

Сазды,  сазды – батпақты

-

23

Аллювиальдық

Сазды,  сазды – батпақты

-

24

Аллювиальдық

Тақыр

155000

25

Аллювиальдық

Сортаң тақыр

-

31

Аллювиальды-пролювальдық

Сортаң тақыр

-

...

Скачать:   txt (105.6 Kb)   pdf (3.7 Mb)   docx (3.7 Mb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club