Батыс Қазақстан облысы бойынша физикалық-географиялық факторлар жүйесі бойынша мысал келтіру
Автор: Dilyara26 • Февраль 28, 2023 • Реферат • 1,822 Слов (8 Страниц) • 271 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану факультеті
Физикалық және экономикалық география кафедрасы[pic 1]
СӨЖ
Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысы бойынша физикалық-географиялық факторлар жүйесі бойынша мысал келтіру
Астана 2022 ж.
Мазмұны
- Физикалық-географиялық жағдайы 3
- Рельеф 3
- Табиғат ресурсары 3
- Климаты 4
- Су ресурстары 4
- Фауна. 5
- Флора 6
- Табиғи апат. 7
- Экологиялық проблемалар. 7
Қолданылған әдебиеттер. 9
Физикалық-географиялық жағдайы
Батыс Қазақстан облысы Қазақстан Ресупбликасынын киыр солтүстік- батысында орналасқан. Орал тауынан бастау алатын Орал (Жайық) өзенiнiң 1200 км.жуык теменгі (бiрқатары ортаңғы) ағысында орналасуынан, осыншама өзен арнасының облыс территориясын солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай екі бөлікке бөліп етіп, Каспий теңiзiне құюы нәтижесінде өлкенің климаттық құбылысына,топырағына, есiмдiктерi мен жануарларына белгiлi әсерi болып келедi.
Облыс территориясының батыстан шығысқа қарай неғұрлым ұзындығы
- 585 км, түстіктен оңтүстікке қарай - 425 км шамасындай. Қазақстан Республикасы территориясының 5,9% белiгiн алып жатыр, немесе жалпы көлемі 151,2 мың шаршы км. Өлкеміздің осы кеңістігі 45 ° 30' және 51 ° 35' шығыс бойлықтары мен 51°35' және 48° солтүстік ендiктерi аралығында орналаскан. Демек, өлке кеңістігінің географиялық орналасуы Орталық зонаның оңтүстік шекарасына таман орналасқан.
Рельеф
Аумақтың рельефі жазық. Оның үстіне теңіз деңгейінен биіктік облыстың солтүстік-шығысынан оңтүстік-батысқа қарай төмендейді. Өңірде рельефінің ерекшеліктеріне қарай бірнеше облыстар бөлінеді, соның ішінде Ортақ Сырт, Ембі үстірті, Каспий маңы ойпаты.
Облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында Ортақ Сырт пен Төменгі Орал үстіртінің сілемдері бар. Оңтүстікте, Каспий маңы ойпатының шегінде Нарынқұмның құмды массивтері: Көкүзенқұм, Аққұм, Қарағандықұм және т.б.
Облыстың ең биік нүктесі, бұрынғы Миргородок елді мекенінің ауданындағы төбе, оның теңіз деңгейінен биіктігі 262 метр.
Жер беті бор мергельдерінен, палеогендік құмтастардан және Каспий маңы ойпатының төрттік шөгінділерімен жабылған әктастардан тұрады. Өзен аңғарлары аллювиалды шөгінділерден тұрады.
Табиғат ресурсары
Облыс аумағында Цыганов, Ульянов, Гремячинск, Батыс Теплов, Теплов, Қарашығанақ сынды бірқатар газ конденсаттары мен мұнай кендері анықталған. Олардың ішіндегі ең ірілері : Батыс Теплов және Қарашығанақ болып табылады. Сонымен бірге Чернозатон, Түксай, Новосеменов жанғыш тақтатастар кендері табылды. Тас тұзы, калий және бор қабатындағы тұздар, гипс, әк жыныстары, бор және басқа қазба
байлықтар ашылды. Құрылысқа жарамды минералды шикізаттардан облыста кірпіш және цемент өндірісі шикізаты, керамзит, әк, құрылыстық құм, құм – қиыршық қоспалары, құрылыс тастары, оларды алмастыратын басқа түзілімдер бар. Керамзитті шикізаттың Погодаев және Түксай кендері барланған. Ақтау («Белая Горка») кенінің құмы силикатты кірпіш дайындау үшін пайдаланылады. Әк өндіруге жарамды бор облыстың солт. және оңт. бөліктеріндегі аудандарда таралған : пайдалы қазбалардың өндірістік балансына Ақтау («Белая Горка») және Бөрлі кендері енгізілген ; бұлардың жиынтық қоры 16081 мың метр куб. Жылдық қуаты 1300 мың т. цемент зауытын шикізатпен толық қамтамасыз ететін қоры 1106482 мың метр куб Ақсуат кені барланды. Гидравликалық қосымша ретінде қоры 21619 мың метр куб болатын кремний сазы бар Шипов кенінің пайдаланылуы мүмкін. Қыш шикізаты Федровка с – ның жанынан ашылды, қоры 2042 мың метр куб.
...