Атмосфера
Автор: AEleonora • Февраль 18, 2019 • Лекция • 543 Слов (3 Страниц) • 710 Просмотры
№3 Тақырыбы: Атмосфера.
Мақсаты: Студенттерге атмосфераның құрылысымен, газдардың құрамымен таныстыру, ауа массалары және атмосфералық, климаттық фронттар туралы түсіндіру, сондай-ақ дәріс мазмұнын студенттерге мультимедиа арқылы жеткізу.
Дәріс сұрақтары:
1.Атмосфераның құрылысы. Газдардың құрамы.
2.Ауа массалары. Атмосфералық және климаттық фронттар.
3.Атмосферадағы жылудың таралуы.
3.1 Күн радиациясы, оның жер бетін таралуы.
3.2 Альбедо түсінігі жер градиациясы.
3.3. Жер бетінің және атмосфераның жылулық режимі.
Атмосфера - Жердің ауа қабығы, жер қабықтарының ішіндегі ең сыртқысы.Ол біздің планетамыздың басқа қабықтарымен үздіксіз өзара әрекеттесіп тұрады және оған үнемі Космостың жері, бәрінен де бұрын Күннің әсері тиіп тұрады. Теңіз деңгейіндегі таза және құрғақ ауа бірнеше негізгілері шкалық қосындысынан тұрады. Олардың ішіндегі газы негізгілері: азот-78,09 %,оттегі-20,95 %, аргон-0,93%, көмірқышқыл газы-0,03%Басқа газдарға неон, гений, метан, криптон, ксенон, сутегі, азон, йодтың болмысы өте мардымсыз. Ауадағы азон мөлшері маусымға дейін байланысты өзгереді: көктемде көбейеді, куз бен қыста азаяды. Ол жоғарғы ендіктерде қалыптасқан ауа массаларында төмен ендіктің ауа массаларына қарағанда көп болды. Күннің электромагниттік сәуле шашуы- Күн радиациясы географиялық қабықта өтетін прооцестер энергиясының негізгі көзі. Күн радиациясының 99%-і қысқа толқыны, ұзын толқыны радиацияға 1%-тен аз өтеді.Күн радиациясының атмосфера арқылы өтіп жер бетіне шашырамай жеткен бөлігі тура радиация құрайдыЖер бетіне келетін бүкіл күн радиациясы: тура мен шашыранды қосылып жиынтық радиация деп аталады.
Тропосфера. Газды компоненттердің және су буының, соныме бірге шаң- тозаңдардың көпшілік бөлігі тропосфера қабатында кездеседі. Бұл қабаттың төмеңгі жағында орташа жылдық температура +15ºС болып, ал биікке жоғарылаған сайын температура біртіндеп төмендей бастайды.Тропосфера қабатындағы су булары ең алдымен бұлтқа, кейінірек жауын-шашынға айналады.Жер бетінде жауын-шашын барлық аудандарда байқалады.
Стратосфера қабатында ауаның температурасы әрбір километр сайын
1 -2ºС –қа біртіндеп жоғарылап отырады. Стратосфераның жоғарғы шекарасында температура шамасы 10ºС-қа дейін жетеді.Температураның бұл
...