Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шаруашылык туралы малимет

Автор:   •  Июль 10, 2020  •  Реферат  •  1,995 Слов (8 Страниц)  •  399 Просмотры

Страница 1 из 8

1. АУДАННЫҢ ТАБИҒИ КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Аудан туралы жалпы мәлімет

Тұрар Рысқұлов ауданы - Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 9,1 мың км². Тұрғыны 63 878 адам (2010). Аудандағы 43 елді мекен 4 ауылдық және 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Құлан ауылы (сурет 1).

Аудан орталығынан облыс орталығы Жамбыл қаласына дейінгі республикалық маңызы бар асфальт жолмен қамтамасыз етілген. Олардың ара қашықтығы – 98 шақырым. Автомобиль жолынан басқа облыс орталығымен байланыс аудан орталығында орналасқан темір жолмен жүзеге асырылады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және өндірістік тауарларды алу бекеті Т.Рысқұлов ауданының Құлан болып табылады. Шаруашылықта аудан және облыс орталықтарымен тұрақты телефон байланысы орнатылған.

[pic 1]

Сурет 1. Т.Рысқұлов ауданының жер пайдалану жоспары

Жол қатынасы – Мем лекеттік маңызы бар жол Алматы-Тараз – Ташкент асфальт жолы арқылы жүргізіледі (сурет 2), елді мекен телефон, радио, электр желілерімен толық қамтамасыз етілген. Мәдени-әлеуметтік ошақтары бар.

[pic 2]

Cурет 2. Жер пайдаланушылар бойынша Т.Рысқұлов ауданының жер кадастрлық картасы

1.2 Климаты

Шаруашылық аумағында метеостанция жоқ, сондықтан территорияға сипаттама беру үшін Т.Рысқұлов метеостанциясының бақылау деректері пайдаланылды.

Агроклиматтық көрсеткіштер бойынша, вегетациялық кезеңде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілуі жөнінен, зерттеліп отырған территория Сырдария маңы агроклиматтық ауданға жатады.

Аудан климаты континентальді, жазы ұзақ ыстық, ал қысы қысқа қары аз келеді.

Ең жоғарғы температурасы +44 ºС жетеді, ең төменгісі -37 ºС. Жылдық абсолютті амплитуда 81 º құрайды. Орташа жылдық жауын – шашын 150мм –ден аспайды және жылдың әр мезгілінде әр түрлі түседі. Жауын – шашынның 60 пайыздайы қысқы – көктемгі кезеңде жауады.

Гидротермиялық коэффициент 0,1 – 0,3-ке тең. 10 ºС-тан жоғары температуралар жиынтығы 3600 – 4200 ºС-қа тең. 10 ºС-тан жоғары температуралары кезеңінен ұзақтығы 180 – 200 күндерді құрайды. Көпжылдық мәліметтер бойынша соңғы көктемгі күннің тез суытуы сәуір айының екінші жартысында тоқтайды, аязсыз күндерде кезеңнің орташа ұзақтығы 175 – 200 күндер. Жазы ыстық әрі ұзақ, шілде айының орташа температурасы +27,5 ºС, қысы қысқа, жылы күндері де кездеседі. Қаңтардың орташа температурасы 7 – 12 ºС. Жауын – шашын аз түседі. 10 ºС-тан жоғары температуралы кезең бойынша оның мөлшері 35 – 75 мм-ден аспайды. Тұрақты қар жамылғысы желтоқсанның үшінші бөлігінің соңында пайда болады және ол 1,5 – 2,5 ай жатады, оның орташа биіктігі 10 – 15 см.

Климаттық ерекшелігі, бүкіл жылы кезең ішінде құрғақшылық болуы. Ауданың салыстырмалы ылғалдығы 30%-н төмен күндер саны, бір жылда 144 күн құрайды, оның ішінде 111 күнде қарқындалған әртүрлі құрғақтық болады.

Жауын –шашының басым мөлшері жылы кезеңде (наурыз-қараша) түседі, ең көп мөлшері сәуір – маусымда және ең төменгі мәні жаз соңы мен күз басында болады.

Қыстың көпшілігі қар қабаты тұрақты болып келеді, жоғарғы орташа биіктігі 13 см-ге дейін жетеді. Орташа тұрақты қар қабаты желтоқсаның бірінші жартыжылда арнайды, ал алқаптардың қардан арылуы алғашқы жартысында болды.

Көктемгі далалық жұмыстар жүргізу үшін, наурыздың екінші онкүніндегі қолайлы болып табылады.

Желдің көп тұратын бағыты - шығыс бақыт. Жазғы солтүстік шығыстан тұратын желдер топрақтың жоғарғы қабатын құрғатып, ұсақ топырақ бөлшектерін ұшырып әкетеді.

Шаруашылық территориясының климаттық жағдайлары, дәндік дақылдарды, көкеністі, қант қызылшасын және мал шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді.

1.3 Жер бедері

Бетінің орнығуы жағынан шаруашылық территориясын үш бөлікке бөлуге болады: 1. Тау бөктері шамалы толқынды жазықтық; 2. Шу өзенінін жайылма асты террасасы ; 3. Шу өзені жайылмасы.

...

Скачать:   txt (27.7 Kb)   pdf (366.2 Kb)   docx (1.2 Mb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club