Алаш қайраткерлеріне мың тағзым
Автор: 456456456456 • Май 9, 2018 • Доклад • 490 Слов (2 Страниц) • 785 Просмотры
Алаш қайраткерлеріне мың тағзым
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи – саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгенің айғақтай отырып, еңдігі жерде ұлт ретіңде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретіңде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы –қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұраның салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсіңде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуіңде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұған дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиыңдықтардың барлығын жене білді, түпкі мақсатқа жету үшін қандай да болмасын, заманға сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы кеңес өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы-тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғырту. Ес жиып етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты-ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының тендігі үшін қаумдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кеткен емес. Оның дәлелі- тәуелсіз Қазақстанның барлық түпкіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашылдық сана. Бұл алашылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында терендей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқыныңда» кітабында «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамының түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басында халық қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғаның атап айтқан абзал»-деп көрсеткен болатын. Осындай тарихы бар Алаш қозғалысына 100 жыл толуына орай Степной орта мектебінде сынып сағаттар және де жоғары сыныптар арасында дөңгелек үстел барысында еске алу сәті өтті. Сонымен қатар 10-шы сынып оқушыларымен өткізілген танымы мол кіріктірілген сабақ барысында Алаш қозғалысы мен партиясының саяси мәні мақсатың түсіндіруге бағытталған бейнеролик көрсетіліп, оқушылар ұсынылған бейнематериал жөңінде өз ойларымен бөлісіп, көзқарастарын білдірді. Сабақта сың тұрғысымен ойлау технологиясы, кезбе тілші, ойлаудың алты қалпағы секілді түрлі оқытудың әдіс-тәсілдері қолданылды. Өткен ғасырдың басында жеке ел, мемлекет боламыз деген Алаш зиялылары аңсаған армандарына жете алмай арманда кетті. Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап кетті.
Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуда. Біздің отанымыз егеменді тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздікті тарту етті. Енді біздің парызымыз - ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекетімізді өркениетті елдер қатарына қосу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу. Сөзімді Әлихан Бөкейхановтың мына сөзімен аяқтағым келеді:
...